О внесении дополнения в постановление акимата от 22 ноября 2007 года № 1585 «Об организации оплачиваемых общественных работ в 2008 году» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7, 20-баптарының, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылгы 19 маусымдагы № 836 Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-93, 2007 жылғы 4 қаңтарда «Рудненский рабочий» газетінде № 1 болып жарияланды, әкімдіктің 2008 жылгы 24 қаңтардағы № 59 «Әкімдіктің жылғы 22 қарашадағы № 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» қаулысымен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-100, 2008 жылғы 26 ақпанда «Рудненский рабочий» газетінде № 22 болып жарияланды, әкімдіктің 2008 жылгы 26 наурыздагы № 416 «Әкімдіктің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 1585 «2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-2-105, 2008 жылгы 6 мамырда «Рудненский рабочий» газетінде № 50 болып жарияланды, өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: қаулыға қоса берілген жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастыратын ұыймдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемі қосымшаға сәйкес 13-тармақпен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланғаң күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Басқа 3. Жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастыратын үйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемі
Рудный қаласы әкімдігінің 2008 жылғы «18 » тамыздағы № 1291 қаулысына қосымша Жұмыссыздар үшін жұмыс ұйымдастыратын үйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемі 13 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Костанай облысы бойынша салық департаментінің Рудный қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі Құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуде күнделікті комек корсету 186 адам/күн