О внесении изменений в решение Щучинского районного маслихата от 22 октября 2007 года № С-3/4 «Об утверждении размеров стоимости разовых талонов и ставок фиксированного суммарного налога для отдельных видов предпринимательской деятельности» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 22 қазандағы № С-3/4 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 369, 372, 373 баптарына сәйкес Щучье аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Щучье аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 22 қазандағы № С-3/4 «Бір жолғы талондар құнының және кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкалары мөлшерлерін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу номері 1-19-112, 23 қазан 2007 жыл) 2007 жылғы 19 қарашадағы № 92 «Луч» газетінде, 2007 жылғы 15 қарашадағы № 51 «Бурабай» газеттерінде жарияланған шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Щучье аудандық мәслихаттың аталған шешімінің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы Щучье аудандык әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі.