О реализации решения Федоровского районного маслихата от 22 декабря 2008 года № 124 "О районном бюджете Федоровского района на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
"Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешімін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде нөмірі 9-20-140 болып тіркелген "Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджетi туралы" Федоров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 124 шешiмiн жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Жергілікті бюджеттен келесі әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) қайтыс болған жұмыссыздарды және кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) туберкулезбен ауыратын тұлғаларға, амбулаторлық емделу кезінде республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, есептік көрсеткіштің бес есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 3
3) жергілікті маңызы бар дербес зейнеткерлер мен Қазақстан Республикасының жұмыскерлеріне 30000 (отыз мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, мүгедектер күніне 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 1000 (бір мың) теңге көлемінде, Чернобыль атомдық электрстанциясындағы апатты жою жұмыстарына байланысты мүгедек болған 1, 2 және 3-топтағы мүгедектер үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек, зейнеткерлік жасқа толмаған 1 және 2 топтағы мүгедектерге 1000 (бір мың) теңге көлемінде;
Тармақша 5
5) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, үйде оқитын мүгедек-балаларға, айлық есептік көрсеткіштің алты есе көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) бюджетімен қарастырылған қаражаттар шегінде республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, орташа табысы өмір сүру минимумының көлемінен төмен болса, халықтың әлеуметтік жанды жіктеріне, айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес есе көлеміне дейін біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 7
7) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, Федоров ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы қатысушылар мен мүгедектеріне, коммуналдық қызметті жартылай шығынды өтеу үшін, айлық есептік көрсеткіштің жиырма төрт есе көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) білім ұйымдары түлектеріне Қазақстанның жоғары немесе орта арнайы оқу орындарының студенттер санынан жастарға нақты көлемінде оқу ақысын төлеу үшін біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 9
9) тиісті білім бағдарламаларын үлгілі игерген, жергілікті бюджет қаражат есебінен оқуға байланысты шығындары өтелетін күндізгі жоғары немесе орта арнайы оқу орындарындағы аз қамтылған отбасылар студенттеріне 10000 (он мың) теңгеден аспайтын ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне 2000 (екі мың) теңге мөлшерінде және Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне жеңілдік пен кепілдік бойынша теңестірілген тұлғаларға 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде Жеңіс күніне қарсы әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын аз қамтылған азаматтарға, айлық есептік көрсеткіштің 0,5 көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 12
12) республикалық бюджет туралы заңымен тиісті жылға белгіленген, ауданның әкіміне жазбаша өтінішпен барған халықтың әлеуметтік жіктеріне, айлық есептік көрсеткіштің елу есе көлемінде біржолғы материалдық көмек;
Тармақша 13
13) Жітіқара сауақтыру орталығыда емделген мүгедектерге біржолғы әлеуметтік көмек 3000 (үш мың) теңге көлемінде.
Тармақ 2
2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады, егер ол қаза болған күнге текті уәкілітті органда жұмыссыз ретінде ресми тіркелген болса, әлеуметтік көмек қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне немесе жерлеген адамға төленеді;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек қайтыс болған кәмелетке толмаған балаға егер қайтыс болған баланың еңбекке қабілеті бар әкесі (асырап алушысы, қамқоршысы) баланың қаза болған күніне "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-уәкілетті орган) жұмыссыз ретінде тіркелген болса тағайындалады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарға, қайтыс болған кәмелетке толмаған баланы жерлеу үшін, қайтыс болған күнде онымен бірге тұратын отбасының мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырушыларға төленеді. Жерлеу үшін әлеуметтік көмегіне өтініштердің мерзімдері қайтыс болған күннен бастап алты айдан аспау болуы қажет;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек халықтың әлеуметтік қорғалатын санынан: оралмандар сондай-ақ жастар санынан студенттерге, білім ұйымдары түлектеріне тағайындалады;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек аудан әкімінің бұрыштамасы бар аудан әкімінің аппаратына өтініш карточкосының негізінде, отбасылары табысына қарамастан халықтың әлеуметтік жіктеріне біржолғы материалдық көмек төленеді;
Тармақша 6
6) әлеуметтік көмек психологиялық-медициналық-педогогикалық консультация қорытындысы негізінде, үйде оқитын мүгедек- балаларға тағайындалады және төленеді. Мүгедек балалар интернат үйлерінде және шипажайлық мектептерінде тұрған кезінде әлеуметтік көмегі төленбейді;
Тармақша 7
7) азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау немесе бас тарту туралы шешім құжаттарды қабылданған күнінен бастап, он күн ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі кеңесші ведомствоаралық комиссиясында қабылданады;
Тармақша 8
8) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті түрлері банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы әлеуметтік көмек алушының жеке есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімдемесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.