О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 2008 года № 373 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 373 қаулысына толықтыру енгізу туралы
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі N 373 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 21, 200-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:
"
14.
Фосфориттер
Гиммельфарбское кен орны
Жамбыл
Орталық координаталары
Өндіру
43о32' 69о33'
".
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.