О внесении изменений и дополнений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 22 апреля 2009 года № 15/8 "О Правилах присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" Қолданыста
Басқа 0
"Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру ережесі туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 15/8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 1-тармағы 12-2) тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 15/8 шешімімен (2009 жылғы 28 мамырдағы № 1712 мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2009 жылғы 5 маусымдағы «Солтүстік Қазақстан», 2009 жылғы 5 маусымдағы «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру ережесіне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
«Облыстың Құрметті азаматы» атағы «Социалистік Еңбек Ері», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына лайықты облыс азаматтарына беріледі;
5, 6, 7, 8, 9 тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«5. облыс (қала, аудан) әкімі аппараты басшысының бұйрығымен материалдардың осы Ереже талаптарына сәйкестігін қарау бойынша жұмыс тобы құрылады»;
«6. Жұмыс тобының шешімі көпшілік дауыспен қабылданады»;
«7. дауыстар тең түскен жағдайда жұмысшы тобы төрағасының пікірі шешуші болып есептеледі»;
«8. Жұмысшы тобының шешімі ұсыныс түрінде болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен рәсімделеді»;
«9. Жұмысшы тобы келесі шешімдердің бірін қабылдай алады:
өтініш қанағаттандырылсын және облыс (қала, аудан) әкіміне ұсынылсын атақ беру туралы сәйкес мәслихатқа ұсыныс енгізілсін;
өтініш қабылданбасын;
өтініш құжаттарды толық рәсімдеу үшін қайтарылсын»;
13 тармақта:
«Солтүстік Қазақстан» сөзі алынып тасталсын;
«облыстың» сөзінен кейін «(қаланың, ауданның)» сөздерімен толықтырылсын;
14 тармақта:
«Облыстың Құрмет кітабы» сөздеріндегі Облыстың сөзінен кейін «(қаланың, ауданның)» сөздерімен толықтырылсын;
«облыс әкімінің аппараты» сөздеріндегі облыс сөзінен кейін «(қала, аудан)» сөздерімен толықтырылсын;
15 тармақта «облыстық» сөзінен кейін «(қалалық, аудандық)» сөздерімен толықтырылсын;
4 бөлімнің атауы «Атақтан айырылу» сөздерінен кейін «және қалпына келтіру» сөздерімен толықтырылсын.
16 тармақтағы «мүмкін» сөзі «тиісті» сөзімен алмастырылсын;
4 бөлім «Заңсыз сотталған және сот шешімімен толық ақталған тұлғалардың Атағына құқықтары қалпына келтіріледі» 18 тармағымен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған 3-1 тармақтардағы құқықтық қатынастар үшін таралады.