О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года № 2162 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 04 «Білім беру» деген функционалдық топта: 225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген әкімші бойынша: 005 «Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада: «Астана қаласы» деген бөлімде: «Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп интернат» деген жолда «1 467 072» деген сандар «1 205 460» деген сандармен ауыстырылсын; «Алматы қаласы» деген бөлімде: «Қазақстан Республикасының орталық ғылыми кітапханасы» РМҚК ғимараттарының кешенін реконструкциялау» деген жолда «714 494» деген сандар «951 636» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « Ал­ма­ты қа­ла­сын­да Қа­зақ мем­ле­кет­тік қы­здар пе­да­го­ги­ка­лық уни­вер­си­те­ті­нің 450 орын­дық жа­тақ­ха­на­сын са­лу 24 470 ».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.