О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года № 2162 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 2162 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 51-қосымшада:
реттік нөмірі 27-жолда:
«Мемлекеттік тапсырманы орындау нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің немесе инвестициялық жобаның атауы» деген бағанда тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дағдарыстан кейінгі даму жағдайларында экономикалық-экологиялық өлшемдер саласындағы ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдердің ынтымақтастығы, оның ішінде Еуропа мен Азияның интеграциясы мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу».
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.