О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 января 2009 года № 32 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Оралмандардың 2009 - 2011 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы № 690 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Оралмандардың 2009 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 32 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Отбасы саны» деген 2-бағанда: «Алматы» деген жолдағы «3800» деген сандар «4000» деген сандармен ауыстырылсын; «Атырау» деген жолдағы «500» деген сандар «650» деген сандармен ауыстырылсын; «Жамбыл» деген жолдағы «1800» деген сандар «1950» деген сандармен ауыстырылсын; «Қарағанды» деген жолдағы «1200» деген сандар «1000» деген сандармен ауыстырылсын; «Қызылорда» деген жолдағы «500» деген сандар «400» деген сандармен ауыстырылсын; «Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «3000» деген сандар «2800» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.