О признании утратившим силу решения маслихата Панфиловского района Алматинской области от 22 апреля 2009 года № 4-19-124 «Об утверждении проектов (схем) зонирования земель Панфиловского района в целях налогообложения» Қолданыста
Басқа 0
«Салық салу мақсатында Панфилов ауданының жерлерін аймақтарға бөлудің жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 4-19-124 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Салық салу мақсатында Панфилов ауданының жерлерін аймақтарға бөлудің жобаларын (схемаларын) бекіту туралы» Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 4-19-124 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2-6-114 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.