О внесении изменения в постановление акимата от 22 апреля 2010 года № 110 "Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 110 қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын орындауда Қарасу ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттiк тiркеу тізіліміндегі № 9-13-111 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2010 жылғы 19 мамырда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 3-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.