О внесении изменения в постановление акимата района от 22 апреля 2010 года № 112 " Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстана в апреле-июне, октябре-декабре 2010 года" Қолданыста
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 112 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28-бабына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 112 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2010 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-7-119 тіркелген, "Әулиекөл" газетінде 2010 жылғы 20 мамырда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
2-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер
министрлігі Қостанай облысы Ішкі Істер
Департаментінің Әулиекөл ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
Әбдіқалықов Қайрат Әмірғалиұлы
"Әулиекөл ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
Түгелбаев Марат Теңізбайұлы
Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы
денсаулық сақтау басқармасының
"Әулиекөл аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналы
кәсіпорнының бас дәрігері
Шульгин Сергей Владимирович