О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 22 декабря 2010 года № А-12/499 "Об утверждении перечня автомобильных дорог общего пользования областного значения" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/499 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3382 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 қаңтарда «Арқа Ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесінде: реттік нөмірі 45-жолы, келесі редакцияда мазмұндалсын: « 45 KC-55 Қонысбай-Сейфуллин-Қызылсая 29,9 »; «ҚОРЫТЫНДЫ:» жолы, келесі редакцияда мазмұндалсын: « ҚОРЫТЫНДЫ: 2712 ».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасының міндеттерін атқарушысы А.Бакенов