О внесении изменений и дополнения в решение Жанаозенского городского маслихата от 22 декабря 2010 года № 34/252 "О городском бюджете на 2011 - 2013 годы" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 34/252 "2011 - 2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 - 4 Бюджет кодексінің 9 және 75 - баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 - II Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 1) тармақшасына және «Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы «2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 29/331 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 31 тамыздағы № 36/410 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 15 қыркүйектегі 2107 - нөмірімен тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы «2011 - 2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» № 34/252 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 29 желтоқсандағы 11-2-149 - нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2010 жылғы 29 желтоқсанда 52 - нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2011 - 2013 жылдарға арналған қала бюджеті 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2011 жылға арналған бюджет келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 14 508 649 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша – 8 384 965 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша – 99 590 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 104 683 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша – 5 919 411 мың теңге; 2) шығындар – 14 668 352 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 21 360 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 21 360 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге. 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 45 781 мың теңге,соның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 45 781 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 226 844 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 226 844 мың теңге, соның ішінде: қарыздар түсімі – 0 теңге; қарыздарды өтеу – 0 теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 226 844 мың теңге» 2 - тармақта: 1) тармақшасындағы: «64,8» саны «64,3» санымен ауыстырылсын; 6) тармақшасындағы: «64,8» саны «64,3» санымен ауыстырылсын. мына мазмұндағы 2 - 3 тармағымен толықтырылсын: «2 - 3. 2011 жылға арналған қалалық бюджетте облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферті көзделгені ескерілсін, қолдану реті қала әкімдігінің қаулысына сәйкес анықталады: облыс әкімінің гранты негізінде білім алушы халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын студенттерге әлеуметтік көмек» аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» «Жаңаөзен қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Н. Ғұмарова 23 қыркүйек 2011 жыл
Басқа 3
Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі № 44/318 шешіміне 1 қосымша 2011 жылға арналған қалалық бюджет Сан Сын Ішкі Сын Атауы Сомасы, мың тенге 1 2 3 1. К І Р І С Т Е Р 14 508 649 1 Салықтық түсімдер 8 384 965 01 Табыс салығы 4 033 376 2 Жеке табыс салығы 4 033 376 03 Әлеуметтік салық 3 260 624 1 Әлеуметтік салық 3 260 624 04 Меншікке салынатын салықтар 598 898 1 Мүлікке салынатын салықтар 427 563 3 Жер салығы 26 933 4 Көлік құралдарына салынатын салық 144 336 5 Бірыңғай жер салығы 66 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар 456 225 2 Акциздер 24 325 3 Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 408 566 4 Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар 20 257 5 Ойын бизнесіне салық 3 077 08 Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер 35 842 1 Мемлекеттік баж 35 842 2 Салықтық емес түсiмдер 99 590 01 Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 6 321 5 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 6 321 04 Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 61 214 1 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар 61 214 06 Басқа да салықтық емес түсiмдер 32 055 1 Басқа да салықтық емес түсiмдер 32 055 3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 104 683 01 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 101 000 1 Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сату 101 000 03 Жерді және материалдық емес активтерді сату 3 683 1 Жерді сату 3 683 4 Трансферттердің түсімдері 5 919 411 02 Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер 5 919 411 2 Облыстық бюджеттен түсетін трансферттер 5 919 411 Ф.топ Әкімші Бағ Атауы Сомасы, мың тенге 1 2 3 2. ШЫҒЫНДАР 14 668 352 01 Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 187 750 112 Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты 16 376 001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 15 477 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 122 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты 87 413 001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 77 678 002 Ақпараттық жүйелер құру 2 015 003 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 7 720 Теңге селосы әкімінің аппараты 22 829 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 22 829 001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 22 829 Қызылсай селосы әкімінің аппараты 16 087 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 16 087 001 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 16 087 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 27 689 001 Аудандық бюджетті орындау және коммуналдық меншікті (облыстық маңызы бар қала) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 15 369 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 004 Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты және біржолғы талондарды іске асырудан сомаларды жинаудың толықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру 10 421 011 Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату 1 000 453 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 17 356 001 Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру және дамыту және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 16 457 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 02 Қорғаныс 10 236 122 Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты 10 236 005 Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегі iс-шаралар 10 236 03 Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 31 448 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 31 448 021 Елдi мекендерде жол жүрісі қауiпсiздiгін қамтамасыз ету 31 448 04 Білім беру 5 466 608 Теңге селосы әкімінің аппараты 72 389 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 72 389 004 Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын қолдау 72 273 025 Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайту 116 Қызылсай селосы әкімінің аппараты 50 897 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 50 897 004 Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын қолдау 50 872 025 Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақының көлемін ұлғайту 25 464 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 4 296 759 009 Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету 659 082 003 Жалпы білім беру 2 914 386 006 Балаларға қосымша білім беру 130 156 001 Жергілікті деңгейде білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 26 623 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 005 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу 32 100 011 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде білім беру объектілерін күрделі, ағымдағы жөндеу 497 829 015 Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері 14 062 020 Үйде оқытылатын мүгедек балаларды жабдықпен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз ету 5 467 021 Мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы көлемін ұлғайту 16 155 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 1 046 563 037 Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау 1 046 563 06 Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру 637 495 451 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 600 496 002 Еңбекпен қамту бағдарламасы 321 539 004 Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету 5 239 005 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 37 884 006 Тұрғын үй көмегі 49 410 007 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек 127 729 010 Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 5 171 014 Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету 14 807 016 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар 9 072 017 Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету 16 312 023 Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз ету 13 333 464 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 2 000 008 Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерді қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау 2 000 451 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 34 999 001 Жергілікті деңгейде халық үшін әлеуметтік бағдарламаларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді іске асыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 31 334 011 Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу 1 366 012 Ақпараттық жүйелер құру 899 021 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 1 400 07 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 3 459 573 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 61 500 003 Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын үйымдастыру 61 500 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 1 508 492 003 Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және (немесе) сатып алу 1 421 492 004 Инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу 87 000 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 395 448 028 Коммуналдық шаруашылығын дамыту 260 800 030 Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеу және елді-мекендерді көркейту 134 648 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 688 415 005 Коммуналдық шаруашылығын дамыту 178 500 006 Сумен жабдықтау жүйесін дамыту 509 915 Теңге селосы әкімінің аппараты 33 429 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 33 429 008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру 4 169 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 20 252 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 9 008 Қызылсай селосы әкімінің аппараты 19 090 123 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты 19 090 008 Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру 2 478 009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 8 792 011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 7 820 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 753 199 015 Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру 35 240 016 Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету 273 484 017 Жерлеу орындарын күтiп-ұстау және туысы жоқтарды жерлеу 609 018 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 443 866 08 Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 234 559 455 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 96 320 003 Мәдени-демалыс жұмысын қолдау 96 320 465 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Дене шынықтыру және спорт бөлімі 11 091 006 Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу 3 966 007 Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы 7 125 455 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 27 258 006 Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi 27 258 456 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі 33 258 002 Газеттер мен журналдар арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер 11 602 005 Телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер 21 656 455 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 9 107 001 Жергілікті деңгейде тілдерді және мәдениетті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 8 208 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 456 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі 49 972 001 Жергілікті деңгейде ақпарат, мемлекеттілікті нығайту және азаматтардың әлеуметтік сенімділігін қалыптастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 20 325 003 Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыру 28 748 004 Ақпараттық жүйелер құру 899 465 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Дене шынықтыру және спорт бөлімі 7 553 001 Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 6 504 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 004 Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары 150 09 Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану 3 885 586 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 3 885 586 009 Жылу-энергетикалық жүйені дамыту 3 885 586 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 22 861 453 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 2 880 099 Ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру 2 880 474 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі 8 538 001 Жергілікті деңгейде ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 7 027 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 012 Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу 612 463 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі 9 715 001 Аудан (облыстық маңызы бар қала) аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 8 816 005 Ақпараттық жүйелер құру 899 474 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі 1 728 013 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу 1 728 11 Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 22 193 467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі 14 861 001 Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 13 962 014 Ақпараттық жүйелер құру 899 468 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі 7 332 001 Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 6 433 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 12 Көлiк және коммуникация 514 936 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 514 936 022 Көлік инфрақұрылымын дамыту 468 118 023 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 46 818 13 Басқалар 46 954 469 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік бөлімі 8 955 001 Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 8 056 002 Ақпараттық жүйелер құру 899 451 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 600 022 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау 15 600 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 5 000 012 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві 5 000 453 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 5 000 003 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және оған сараптама жүргізу 5 000 458 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 12 399 001 Жергілікті деңгейде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 11 500 020 Ақпараттық жүйелер құру 899 15 Трансферттер 148 153 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 148 153 006 Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 148 153 3. ТАЗА БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕУ 21 360 Бюджеттік кредиттер 21 360 10 Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 21 360 453 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі 21 360 006 Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер 21 360 Бюджеттік кредиттерді өтеу 0 4. ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША САЛЬДО 45 781 Қаржы активтерін сатып алу 45 781 13 Басқалар 45 781 452 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі 45 781 014 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 45 781 Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 5. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ (ПРОФИЦИТІ) -226 844 6. БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ПРОФИЦИТІН ПАЙДАЛАНУ) 226 844 Қарыздар түсімі 0 Қарыздарды өтеу 0 Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 226 844