О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 22 января 2010 года № 51/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2010 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 51/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғарғы оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 236/18 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 ақпандағы (IV шақырылған, кезекті XX сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы (IV шақырылған, кезекті XIX сессия) "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 241/20 шешімінің негізінде, азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-255 тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпандағы № 7 "Отарқа" газетінде және 2010 жылғы 11 ақпандағы № 6 "Вести Экибастуза" газетінде жарияланған) № 51/1 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Қаулының кіріспесіндегі "2004 жылғы 14 маусымдағы № 169/5" сөздері мен сандары "2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 236/18" сөздері мен сандарына ауыстырылсын және "облыстың" сөзі алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) Қаулының 3-тармағының 1-тармақшасының бірінші абзацындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін өтеуге ай сайын материалдық көмегін төлеу үшін" сөздері алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) Қаулының 3-тармағының 3-тармақшасының екінші абзацындағы "9" саны алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) Қаулының 3-тармағының 16-тармақшасындағы "облыстың" сөзі алынып тасталсын;
Тармақша 5
5) Қаулының 4-тармағының 1-тармақшасындағы "4 АЕК мөлшерінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге ай сайынғы материалдық көмек" сөздері алынып тасталсын;
Тармақша 6
6) Қаулының 7-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 наурызынан бастап туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С. Төлеубаевқа жүктелсін.