О внесении изменений и дополнений в постановление акимата города Экибастуза от 22 января 2010 года № 51/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2010 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 51/1 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының, (IV шақырылған кезекті XX сессия) 2010 жылғы 9 ақпандағы "Екібастұз қалалық мәслихатының (IV шақырылған кезекті XІX сессия) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы "2010 - 2012 жылдарға арналған Екібастұз қаласының бюджеті туралы" № 221/19 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 241/20 шешімінің негізінде, жекеленген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 51/1 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-255 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпанда "Отарқа" газетінде № 7 және 2010 жылғы 11 ақпанда "Вести Екибастуза" газетінде № 6 жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: қаулының 4-тармағының 1-тармақшасындағы "120000 теңге мөлшеріндегі" сөзі мен саны "нақты құны бойынша" сөздерімен ауыстырылсын; қаулының 3-тармағының 18-тармақшасы "Екібастұз қаласының әкімімен, жұмыс берушімен және жас маманымен қол қойылған үш жақты келісімшарт" сөздерімен толықтырылсын. Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрамына енгізілсін (бұдан әрі – Комиссия): Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып; Комиссия құрамынан Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарда таратылады.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ. А. Оспанқұловқа жүктелсін.