О внесении изменений в постановление акимата города Экибастуза от 22 января 2010 года № 51/1 "О социальной помощи отдельным категориям граждан города Экибастуза на 2010 год" Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" № 51/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес және кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы "2010 жылға арналған Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12-3-255 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 11 ақпанда "Отарқа" газетінде № 7 және 2010 жылғы 11 ақпанда "Вести Екибастуза" газетінде № 6 жарияланған) № 51/1 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі комиссия құрамына енгізілсін (бұдан әрі – Комиссия):
Әлия Қоқышқызы Базарбаева, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, Комиссия төрағасының орынбасары ретінде;
Ахмедиева Махабат Садыбекқызы, "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Комиссия хатшысы;
Комиссия құрамынан Серік Әубәкішұлы Арыстанов, Мәдина Салахиденқызы Балтабаева шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Ғ.А. Оспанқұловқа жүктелсін.