О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 2011 года № 163 Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.04.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 ақпандағы № 163 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында: 4 және 7-тармақтардағы «науқастарды емдеуге арналған препараттарды» деген сөздерден кейін «, муковисцидозбен, мукополисахаридозбен, Гоше ауруымен ауыратын балаларды емдеуге арналған препараттарды» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада: 2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер шеңберіндегі медициналық техниканың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-жолдармен толықтырылсын: « 18. Ре­ти­нал­ды то­мо­граф 19. Жиын­тығ­ын­да 12 мо­ни­то­ры бар ор­та­лық бай­қау стан­ци­я­сы 20. Кар­дио­хи­рур­гия мен ней­ро­хи­рур­ги­я­ға ар­нал­ған зерт­теу оп­ци­я­сы бар ком­пью­тер­лік то­мо­граф 21. Сұй­ық­тық ци­то­ло­гия ап­па­ра­ты 22. Ара­лас ла­зер­ліқ қон­дыр­ғы 23. Пор­та­тив­ті нео­на­тал­ды мо­ни­тор 24. Қан га­з­да­рын те­рі ар­қы­лы мо­ни­то­рин­гі­леу жүй­е­сі бар нә­ре­сте­ге ар­нал­ған мо­ни­тор 25. Элек­тро­кар­дио­гра­фия және ар­те­ри­я­лық қы­сым­ды тәу­лік­тік мо­ни­то­рин­гі­леу жүй­е­сі 26. Тред­мил жүй­е­сі »; көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада: 2011 жылы облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттарында: 9-бағанда: «Магнитті-резонансты» деген сөздерден кейін «және компьютерлік» деген сөздермен толықтырылсын; реттік нөмірі 11-жол «180 000» деген сандармен толықтырылсын; реттік нөмірі 11-жолдың 15-бағанындағы «689 247» деген сандар «869 247» деген сандармен ауыстырылсын; «Жиыны» деген жолда: «727 817» деген сандар «907 817» деген сандармен ауыстырылсын; «16 982 005» деген сандар «17 162 005» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.