О внесении изменения в решение маслихата от 22 апреля 2011 года № 355 "О предоставлении в 2011 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ауданның ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2011 жылы ұсыну туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 355 шешіміне өзгеріс енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 374 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. "Ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылы ұсыну туралы" мәслихаттың 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 355 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-12-158 нөмірімен тіркелген, "Айна" аудандық газетінде 2011 жылғы 19 мамырда жарияланған) шешіміне мына өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын: "1. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2011 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау беру түрінде әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.".
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қарабалық ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________ А. Бейсембаев "Қарабалық ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________ Н. Бодня "Қарабалық ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы ____________________ Л. Булдакова