О внесении изменений в решение Саранского городского маслихата от 22 декабря 2011 года № 676 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Сарани и поселка Актас" Күшін жойған
Басқа 0
Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" № 676 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", 2008 жылғы 19 шілдедегі № 710 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" қаулыларына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" № 676 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-129 болып тіркелген, 2011 жылы 30 желтоқсандағы № 53 "Саран газеті" газетінде жарияланған), Саран қалалық мәслихатының 2012 жылғы 26 сәуірдегі 4 сессиясының "Саран қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы "Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" № 676 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" № 53 шешімімен өзгертулер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-7-135 болып тіркелген, 2012 жылы 31 мамырдағы № 22 "Спутник" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) шешімнің тақырыбындағы "бекіту" сөзі "анықтау" сөзімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) шешімнің 1 тармағындағы "бекітілсін" сөзі "анықталсын" сөзіне ауыстырылсын;
Тармақша 3
3) көрсетілген шешіммен бекітілген, Саран қаласы мен Ақтас кенті халқына тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі туралы Ереженің 9 тармағы алып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары Г.С. Беделбаеваға және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.