О внесении изменении в постановление акимата Мангистауской области от 22 июня 2012 года № 136 «О создании коммунального государственного учреждения «Государственный региональный природный парк «Кызылсай» Управления природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 136 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 22 маусымдағы № 136 қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін: 2-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерлерін алып қоймастан, жалпы алаңы 370 038,13 гектар, оның ішінде: Маңғыстау ауданы аумағында 104 874,42 гектар, Қарақия ауданы аумағында 265 163,71 гектар жер учаскелері «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына ауыстырылсын.»; 2-тармақтың бірінші, екінші, үшінші абзацтары алып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен Маңғыстау облысының Әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.