О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 22 мая 2013 года № 571 "О некоторых мерах по оптимизации системы управления институтами развития, финансовыми организациями и развития национальной экономики" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.
Тармақ 2
2. «Бәйтерек» холдингі қызметінің негізгі нысанасы өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың акциялар пакеттерін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) басқару, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру және маңызды ірі жобаларды ұйымдастыру болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне құрылатын қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2013 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 86550000 (сексен алты миллион бес жүз елу мың) теңге бөлінсін.
Тармақ 4
4. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) акцияларының мемлекеттік пакеттері қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының жүз пайыз пакетіне, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың жүз пайыз үлесіне және осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының пакетіне айырбас ретінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (бұдан әрі – Қор) акционерлік қоғамының меншігіне берілсін.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын әзірлеу мен бекітуді, оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
Тармақша 2
2) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттері республикалық меншікке қабылданғаннан кейін оларды қоғамның орналастырылатын акцияларын төлеуге беруді;
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;
Тармақша 4
4) қоғам, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне берудi;
Тармақша 5
5) «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттiк қатысу үлесін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берудi;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаевті қоғамның басқарма төрағасы етіп тағайындауды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар, Денсаулық сақтау министрліктерімен және Қормен (келісім бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7-1
7-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың өкілдерін сайлауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі Р/с № Ата­уы Ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­ті 1 2 3 1. «Тех­но­ло­ги­я­лық да­му жө­нін­де­гі ұлт­тық агент­тік» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 2. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 100 % 3. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы 98,60186962 % 4. 5. 6. «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 7. «Қа­зы­на Ка­пи­тал Ме­недж­мент» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 8. «Қаз­Экс­порт­Га­рант» экс­порт­тық-кре­дит­тік сақ­тан­ды­ру кор­по­ра­ци­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 9. «Қа­зақ­стан­ның ин­ве­сти­ци­я­лық қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 10. «Да­му» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 %
Басқа 1. Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына 1-қосымша Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар Р/с № Ата­уы Ак­ци­я­ла­ры­ның мем­ле­кет­тік па­ке­ті 1 2 3 1. «Тех­но­ло­ги­я­лық да­му жө­нін­де­гі ұлт­тық агент­тік» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 2. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы 100 % 3. «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» акционерлік қоғамы 98,60186962 % 4. 5.
Басқа 2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының меншігіне берілетін республикалық мүлік
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына 2-қосымша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының меншігіне берілетін республикалық мүлік Р/с № Мү­лік­тің ата­уы 1 2 1. 1997 жы­л­ғы 14 мау­сым­да­ғы Іш­кі және ха­лы­қа­ра­лық газ та­сы­мал­дау жүй­е­ле­рі­нің және ша­ру­а­шы­лық қыз­ме­ті­нің кон­цес­си­я­сы шар­тын бұ­зу нәти­же­сін­де алын­ған газ та­сы­мал­дау жүй­е­сі­нің ак­тив­те­рі 2. Үш­та­ған, Шөл­тө­бе, Бей­неу кент­те­рін­де «Кав­каз-15» АГТС-ке тар­ты­л­ған жо­ға­ры қы­сым­ды газ құ­быр­ла­ры және Сай-Өтес және Тә­жен кент­те­рін­де «Кав­каз-10» АГТС-ке тар­ты­л­ған жо­ға­ры қы­сым­ды газ құ­быр­ла­ры 3. Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­ның Ал­тай ай­ма­ғы мен Орын­бор об­лы­сы ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мен­ші­гі бо­лып та­бы­ла­тын те­мір­жол кө­лі­гі­нің объ­ек­ті­ле­рі және өзге мү­лік 4. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да: 1) мем­ле­кет­тік ше­ка­ра – Ни­кель­тау бе­ке­ті (Орск – Ни­кель­тау же­лі­сі) учас­ке­сін­де; 2) мем­ле­кет­тік ше­ка­ра – То­был бе­ке­ті (То­был – Қар­та­лы же­лі­сі) учас­ке­сін­де; 3) мем­ле­кет­тік ше­ка­ра – Прес­но­горь­ков бе­ке­ті (Но­во­и­шимск - Утяк же­лі­сі) учас­ке­сін­де; 4) Пет­ро­павл стан­ци­я­сы (тек қа­на) – № 7 блок бе­ке­ті (Пет­ро­павл – Көк­ше­тау же­лі­сі) учас­ке­сін­де ор­на­лас­қан те­мір­жол кө­лі­гі­нің объ­ек­ті­ле­рі және өзге мү­лік 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Өс­ке­мен қа­ла­сы, Қай­се­нов кө­ше­сі 121 ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан, жал­пы ауда­ны 71,20 шар­шы метр га­раж 6. Бұ­ру ұзынды­ғы 17 771 м. (ӘЖ-10 кВ – 14676 м. электр же­лі­ле­рі) ма­ги­страль­ды газ құ­бы­ры және Ақ­тө­бе об­лы­сы Шал­қар ауда­ны Ақ­қай­тым кен­т­ін­де­гі АГТС (АГТСм – 1 да­на) опе­ра­тор­ла­ры үшін екі пәтер­лі тұр­ғын үй 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сын­да­ғы «Қа­ра­шы­ға­нақ-Орал» ма­ги­страль­ды жо­ға­ры қы­сым­ды газ құ­бы­ры
Басқа 3. Акцияларының пакеттері республикалық меншікке қабылданғаннан кейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына 3-қосымша Акцияларының пакеттері республикалық меншікке қабылданғаннан кейін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдар Р/с № Ата­уы «Са­мұ­рық-Қа­зы­на» ұлт­тық әл-ауқат қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­на ти­е­сі­лі ак­ци­я­лар па­ке­ті 1 2 3 1. «Қа­зақ­стан­ның Да­му Бан­кі» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 2. «Қа­зы­на Ка­пи­тал Ме­недж­мент» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 3. «Қаз­Экс­порт­Га­рант» экс­порт­тық-кре­дит­тік сақ­тан­ды­ру кор­по­ра­ци­я­сы» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 4. «Қа­зақ­стан­ның ин­ве­сти­ци­я­лық қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 % 5. «Да­му» кә­сіп­кер­лік­ті да­мы­ту қо­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы 100 %
Басқа 4. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына 4-қосымша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері
Басқа 5. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына 5-қосымша «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі (келісу бойынша), Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі ________________________
Басқа 6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар 1. «Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-158, 21-159, 21-160-жолдармен толықтырылсын: «21-158. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ 21-159. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ 21-160. «СК-Фармация» ЖШС».
Тармақ 2
2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-10-жолмен толықтырылсын: «227-10. «СК-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»; «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 237-50, 237-51-жолдармен толықтырылсын: «237-50. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы 237-51. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы».
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
Тармақ 6
Тармақ 7
Тармақ 8
8. «Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 6 сәуiрдегi № 376 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде: «Ұлттық басқарушы холдингтер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын: «3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы».
Тармақ 9