О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 22 апреля 2014 года № 21/5-V "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей сел, улиц, многоквартирных жилых домов для участия в сходе местного сообщества Абайского района»" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 21/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Абай ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» 2014 жылғы 22 сәуірдегі Абай аудандық мәслихатының № 21/5-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3364 болып тіркелген, 2014 жылғы 1-7 маусымда «Абай елі» газетінің № 19 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Абай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы»; Абай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы Қағидасындағы қосымшасы алынып тасталсын. Көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы Қағидасында: 2 тараудың 8-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілді құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.»;
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.