О внесении изменения в решение Саранского городского маслихата от 22 мая 2014 года № 337 «О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Күшін жойған
Басқа 0
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту
жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу
туралы» Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 337 шешіміне өзгерту енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 726 қаулысына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 мамырдағы № 337 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2655 болып тіркелді, «Әділет»ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 11 маусымда жарияланды, 2014 жылы 13 маусымдағы № 24 «Саран газеті» газетінде жарияланды) келесі өзгерту енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібінде 1- тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасарына және Саран қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын қорғау заңдылықтары және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.