О внесении изменений в решение Жаксынского районного маслихата от 22 октября 2014 года № 5ВС-31-1 «Об определении порядка и размера затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов в Жаксынском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерлерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 5ВС- 31-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерлерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 22 қазандағы № 5ВС-31-1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4446 болып тіркелген, 2014 жылы 17 қарашада аудандық "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы";
1-тармақтың 1-абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Жақсы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу тәртібі айқындалсын:»;
2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.".
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Жақсы ауданының әкімі
___________ Қ. Сүйіндіков
2017 жыл «_11_» __05__