О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 22 октября 2014 года № 5С-32/8 «Об определении порядка и размера затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Степногорского городского маслихата от 22 октября 2014 года № 5С-32/8 «Об определении порядка и размера затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындардың тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6С-14/4
- Қабылданған күні
- 19.01.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2017 110178_163251.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17BB005751
- ЭКБ идентификаторы
- 110178
- Редакция идентификаторы
- 110178_163251
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 06:24
0 Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындардың тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 22 қазандағы № 5С-32/8 «Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалатын шығындардың тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4444 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 қарашада «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы»;
кіріспе жаңа редакцияда баяндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.».
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Степногорск қаласы әкімінің
міндетін атқарушы С. Шабаров
19.01.2017 ж.