О внесении изменения в совместный приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 сентября 2014 года № 630, Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 сентября 2014 года № 399 и Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 ноября 2014 года № 240 «Об утверждении Критериев оценки наличия жестокого обращения, приведшего к социальной дезадаптации и социальной депривации» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі №630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі №399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №240 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі №630, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі №399 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №240 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10013 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлеріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің мін­де­тін ат­қа­ру­шы __________Ж. Бур­кит­ба­ев Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі __________С. Шап­ке­нов ми­ни­стір­дің м.а. __________Ш. Ка­ри­но­ва Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер Ми­ни­стрі __________Е. Тур­гум­ба­ев «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Басқа 1. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-135, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 501, министірдің м.а. 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 611 мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 812 Бірлескен бұйрыққа қосымша Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына сәйкес әзірленген және адамдарды әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шегушілерге (бұдан әрі – Зардап шегуші) жатқызудың негіздерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер пайдаланылды:
Тармақша 1
1) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау;
Тармақша 2
2) зардап шегуші – оған қатысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың нысанына қарамастан, ол жасалған жеке адам;
Тармақша 3
3) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;
Тармақша 4
4) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу;
Тармақша 5
5) адам саудасының құрбанын сәйкестендіру – осы Критерийлерге сәйкес адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен байланысты іс-қимылдар, сондай-ақ адамдарды ұрлау салдарынан әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шеккендерге адамды жатқызу.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау
2-тарау. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау
Тармақ 3
3. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгез қарым-қатынасқа ұшырадым деп мәлімдеген адам сәйкестендіру жүргізуге уәкілетті адамның және қажет болған жағдайда аудармашының жынысын таңдайды. Кәмелетке толмаған адамды сәйкестендіру заңды өкілдерінің, ал олар болмаған кезде – жақын туыстарының және (немесе) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады: 1-блок - күш көрсету зорлық-зомбылығы; 2-блок - психологиялық зорлық-зомбылық; 3-блок - экономикалық зорлық-зомбылық; 4-блок - сексуалдық зорлық-зомбылық.
Тармақ 5
5. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.
Тармақ 6
6. Егер блоктардың бірі бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, адам тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.
Тармақ 7
7. Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады: 1-блок - адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адам ұрлаудың мақсаты; 2-блок - адамға қатысты жасалған әрекеттер; 3-блок - адамға қатысты пайдаланылған құралдар; 4-блок - адамға келтірілген зиян.
Тармақ 8
8. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам қатыгез қараудан зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.
Тармақ 9
9. Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, жалпы нәтижесі 20 және одан жоғары балл болса, адам адамды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ адамды ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады. Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, 3-блокты қоспағанда (адамға қатысты пайдаланылған құралдар), жалпы нәтижесі 15 және одан жоғары балл болса, кәмелетке толмаған адам кәмелетке толмағандарды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде зардап шеккен деп танылады.
Тармақ 10
10. Егер адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған және адам жәбірленуші болып танылған жағдайда, оны осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес сәйкестендіру талап етілмейді.
Тармақ 11
11. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауды жүргізудің қорытындысы бойынша осы Критерийлерге 3-қосымшаға сәйкес есеп жасалады.
Басқа 1.1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру
Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне 1-қосымша Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру № р/с Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық ке­зін­де қа­тыг­ез­дік­пен қа­ра­удың бар-жо­ғын ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған кри­те­рий­лер­дің тіз­бе­сі Тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық ке­зін­де қа­тыг­ез­дік­пен қа­ра­удың бар-жо­ғын ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған шек­ті көр­сет­кіш­тер 1 Күш көр­се­ту зор­лық-зомбы­лы­ғы 2. Тән ау­руы­на ұшы­ра­та­тын ұрып-со­ғу неме­се өзге де күш қол­да­ну әре­кет­терiн жа­сау 3 балл 3. Құқық бұ­зу­шы­мен от­ба­сы-тұр­мыстық қа­рым-қа­ты­на­ста­ғы аза­мат­тар­ға сый­ла­мау­шы­лық көр­се­ті­ліп, бы­ла­пыт сөй­леу, қор­лап ти­ісу, кем­сі­ту, үй затта­ры­на за­қым кел­ті­ру және же­ке тұр­ғын үй неме­се пәтер ше­гін­де жа­сал­ған олар­дың ты­ны­штығ­ын бұ­за­тын бас­қа да әре­кет­тер 2 балл 4. Ұдайы ұрып-со­ғу неме­се өзге күш қол­да­ну әре­кет­терi жо­лы­мен тән за­рдаб­ын кел­ті­ру неме­се пси­хи­ка­лық за­рдап ше­гу 5 балл 5. Адам­ның өмiрiне қа­уiп­тi емес және за­рдап­тар­ға әкеп соқ­па­ған, бiрақ ден­са­улық­ты ұзақ уа­қыт­қа бұ­зы­лу­ға әкеп соқ­қан ден­са­улық­қа қа­са­қа­на ор­та­ша ауыр­лық­та­ғы зи­ян кел­тi­ру 5 балл 6. Адам­ның өмiрiне қа­уiп­тi неме­се кө­ру­ден, тiл­ден, есту­ден қан­дай да бол­сын ор­ган­нан ай­ры­лу­ға неме­се ор­ган­ның қыз­метiн жо­ғал­ту­ға неме­се бет-әл­пе­тiнiң қал­пы­на кел­тiр­гiсiз бұ­зы­луы­на әкеп соқ­қан ден­са­улық­қа қа­са­қа­на ауыр зи­ян кел­тi­ру, сон­дай-ақ өмiр­ге қа­уiп­тi неме­се ең­бек қа­бiлетiнiң ке­мiн­де үш­тен бiрiн тұ­рақ­ты түр­де жо­ғал­ту­ға ұш­тас­қан неме­се кiнәлi­ге мәлiм кәс­i­би ең­бек қа­бiлетiн неме­се түсiк та­ста­у­ға, пси­хи­ка­сын бұзуға, есiрт­кi­мен неме­се уыт­ты умен ауы­ру­ға ду­шар ет­кен ден­са­улық­тың бұ­зы­луын ту­дыр­ған ден­са­улық­қа өзге зи­ян кел­тiр­ген қа­са­қа­на ауыр зи­ян кел­тi­ру 5 балл 7. Пси­хо­ло­ги­я­лық зор­лық-зомбы­лық 8. Адам­ды өзiн-өзi өл­тiру­ге жет­кi­зу неме­се жәбiр­ле­ну­шiнi қор­қы­ту, оған қа­тыг­ездiк­пен қа­рау неме­се оның адам­дық қа­си­етiн ұдайы қор­лау жо­лы­мен өзiн-өзi өл­тiру­ге ба­ру­ға дей­iн жет­кi­зу 3 балл 9. Адам­ды өзiн-өзi өл­тiру­ге жет­кi­зу неме­се жәбiр­ле­ну­шiнi қор­қы­ту, оған қа­тыг­ездiк­пен қа­рау неме­се оның адам­дық қа­си­етiн ұдайы қор­лау жо­лы­мен өзiн-өзi өл­тiру­ге ба­ру­ға дей­iн жет­кi­зу 5 балл 10. Өл­тiре­мiн деп неме­се ден­са­улық­қа ауыр зи­ян кел­тiре­мiн деп, сол си­яқ­ты адам­ның же­ке ба­сы­на өзге ауыр күш көр­се­те­мін не мүлiк­тi өр­теп құр­та­мын деп, жа­ры­лыс жа­сап неме­се өзге жал­пы қа­уiп­тi тәс­iл­мен қор­қы­ту, бұл қор­қы­ту­дың iс­ке аса­тынды­ғы­на қа­уiп­те­нудiң жет­кiлiк­тi негiз­дерi бар болған кез­де 5 балл 11. Жал­ға­сып ке­ле жа­тқан қу­да­лау, мәж­бүр­лі кө­ші-қон 5 балл 12. Эко­но­ми­ка­лық зор­лық-зомбы­лық 13. Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын, мен­шік­ке құқық бел­гі­лей­тін, әре­кет­тер жа­са­у­ға құқық бе­ре­тін құ­жат­тар­дан ай­ы­ру 3 балл 14. Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті ақ­ша­лай қа­ра­жат­тан ай­ы­ру 2 балл 15. Тұр­ғын үй­і­нен ай­ы­ру 5 балл 16. Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті та­мақ­тан ай­ы­ру 4 балл 17. Тір­ші­лік қыз­ме­ті үшін қа­жет­ті ки­ім­нен ай­ы­ру 3 балл 18. Сек­су­ал­дық зор­лық-зомбы­лық 19. Зор­лау, яғ­ни құр­бан­ға неме­се бас­қа адам­дар­ға күш қол­да­нып неме­се оны қол­дан­бақ­шы бо­лып қор­қы­тып не құр­бан­дар дәр­мен­сіз күй­ін пай­да­ла­нып жы­ны­стық қа­ты­нас жа­сау 5 балл 20. Кө­рі­неу он төрт жас­қа тол­ма­ған адам­ға қа­ты­сты күш қол­да­ну­сыз аз­ғын­дық іс-әре­кет­тер­ді жа­сау 5 балл 21. Адам­ды жы­ны­стық қа­ты­на­сқа тү­су­ге, ер­кек пен ер­кек­тің, әй­ел мен әй­ел­дің жы­ны­стық қа­ты­нас жа­са­уы­на неме­се сек­су­ал­дық си­патта­ғы өзге де әре­кет­тер жа­са­у­ға мәж­бүр ету 5 балл 22. Жа­ла­ңа­шта­ну­ға мәж­бүр­леу, де­не­ні си­пап қа­рау, әдеп­сіз неме­се қор­лай­тын қа­рым-қа­ты­нас, сон­дай-ақ жы­ныс мү­ше­ле­ріне соқ­қы бе­ру және олар­ға заттар­мен әсер ету, жы­ны­стық қол сұ­ғу­шы­лық 5 балл
Басқа 1.2. Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру
Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне 2-қосымша Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде баллдар беру № р/с Адам­ды, оның ішін­де кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды са­уда­ға са­лу, олар­ды пай­да­ла­ну­дың өзге де түр­ле­рі, сон­дай-ақ адам­дар­ды ұр­лау ке­зін­де қа­тыг­ез­дік­пен қа­ра­удың бар-жо­ғын ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған кри­те­рий­лер­дің тіз­бе­сі Адам­ды, оның ішін­де кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды са­уда­ға са­лу, олар­ды пай­да­ла­ну­дың өзге де түр­ле­рі, сон­дай-ақ адам­дар­ды ұр­лау ке­зін­де қа­тыг­ез­дік­пен қа­ра­удың бар-жо­ғын ба­ға­ла­у­ға ар­нал­ған шек­ті көр­сет­кіш­тер 1. Адам­ды, оның ішін­де кәме­лет­ке тол­ма­ған­дар­ды са­уда­ға са­лу­дың, олар­ды пай­да­ла­ну­дың өзге де түр­ле­рі­нің, сон­дай-ақ адам­дар­ды ұр­ла­удың мақ­са­ты 2. Сек­су­ал­дық пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да адам­ды са­уда­ға са­лу/сек­су­ал­дық пай­да­ла­ну 5 балл 3. Мәж­бүр­лі ең­бек мақ­са­тын­да адам­ды са­уда­ға са­лу / мәж­бүр­лі ең­бек 5 балл 4. Ба­ла­ны/қы­зды заң­сыз асы­рап алу мақ­са­тын­да кәме­лет­ке тол­ма­ған ба­ла­лар­ды са­уда­ға са­лу 5 балл 5. Қай­ыр­шы­лық­пен ай­на­лы­су­ға мәж­бүр­леу мақ­са­тын­да адам­ды са­уда­ға са­лу/қай­ыр­шы­лық­пен ай­на­лы­су­ға мәж­бүр­леу 5 балл 6. Адам­ның ағ­за­ла­рын және тін­де­рін заң­сыз алу мақ­са­тын­да адам­ды са­уда­ға са­лу 5 балл 7. Адам­ға қа­ты­сты жа­сал­ған әре­кет­тер 8. Са­тып алу-са­ту, өзге мәмі­ле­лер (сый­ға тар­ту, ай­ыр­ба­стау, жал­ға бе­ру, адам­ды мәмі­ле бой­ын­ша мін­дет­те­ме­нің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету ре­т­ін­де қал­ды­ру, мү­лік­тік емес си­патта­ғы қан­дай да бір пай­да алу мақ­са­тын­да адам­ды бе­ру және бас­қа­лар) 5 балл 9. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­ды қо­с­па­ған­да, кінә­лі­нің мәж­бүр­лі ең­бек­ті, яғ­ни адам оны орын­дау үшін өз қыз­мет­те­рін ерік­ті түр­де ұсын­ба­ған, осы адам­нан күш қол­да­ну неме­се күш қол­да­на­мын деп қор­қы­ту ар­қы­лы та­лап еті­ле­тін кез кел­ген жұ­мысты неме­се қыз­мет­ті пай­да­ла­нуы; 5 балл 10. Кінә­лі­нің алын­ған та­быст­ар­ды ием­де­ніп алу мақ­са­тын­да бас­қа адам­ның жезөк­ше­лік­пен ай­на­лы­суын неме­се ол көр­се­те­тін өзге де қыз­мет­тер­ді пай­да­ла­нуы, сол си­яқ­ты кінә­лі­нің ма­те­ри­ал­дық пай­да алу мақ­са­тын көз­де­мей, адам­ды сек­су­ал­дық си­патта­ғы қыз­мет­тер көр­се­ту­ге мәж­бүр­ле­уі; 5 балл 11. Адам­ды қай­ыр­шы­лық­пен ай­на­лы­су­ға, яғ­ни бас­қа адам­дар­дан ақ­ша және (неме­се) өзге мү­лік­ті сұ­ра­у­ға бай­ла­ны­сты қо­ғам­ға жат әре­кет жа­са­у­ға мәж­бүр­леу; 5 балл 12. Кінә­лі және (неме­се) бас­қа адам үшін жұ­мыстар­ды және (неме­се) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді орын­да­удан өзіне бай­ла­ны­сты емес се­беп­тер бой­ын­ша бас тар­та ал­май­тын адам­ға қа­ты­сты мен­шік ие­сі өкі­лет­тікте­рін кінә­лі­нің жү­зе­ге асы­руы­на бай­ла­ны­сты өзге іс-әре­кет­тер. 5 балл 13. Аз­ғы­рып-көн­ді­ру – за­рдап ше­гу­ші­ні қан­дай да бір жұ­мыстар­ды неме­се қан­дай да бір қыз­мет­ті, со­ның ішін­де, егер оны пай­да­ла­ну мақ­са­ты­мен бай­ла­ны­сты бол­са, құқық­қа қай­шы қыз­мет­ті ат­қа­ру­ға ке­лі­су­іне қол жет­кі­зу. 5 балл 14. Та­су – адам­ды пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да бір жер­ден екін­ші жер­ге, со­ның ішін­де бір ел­ді ме­кен­нің ішін­де оның ор­нын ауы­сты­ру­ға бай­ла­ны­сты қа­са­қа­на жа­са­ла­тын іс-әре­кет. 5 балл 15. Бе­ру – за­рдап ше­гу­ші­ні пай­да­ла­на­тын адам­ға ті­ке­лей бе­ру. 5 балл 16. Жа­сы­ру – за­рдап ше­гу­ші­ні құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­нан, туы­ста­ры мен бас­қа адам­дар­дан жа­сы­ру (мы­са­лы, ар­найы үй-жай­лар­ға жа­сы­ру, қан­дай аум­ақ­қа бол­са да шы­ғуы­на мүм­кін­дік бер­меу, жә­бір­ле­ну­ші­нің же­ке өзіне неме­се пси­хи­ка­лық бел­сен­ді­лі­гі­нің тө­мен­де­уіне дә­рі-дәр­мек ар­қы­лы ық­пал ету). 5 балл 17. Алу – адам­ды пай­да­ла­ну неме­се одан әрі бе­ру үшін оны ті­ке­лей алу. 5 балл 18. Пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да ұр­лау 5 балл 19. Пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да бас бо­станды­ғы­нан заң­сыз ай­ы­ру 5 балл 20. Адам­ға қа­ты­сты пай­да­ла­ны­л­ған құ­рал­дар 21. Өмір мен ден­са­улық­қа қа­уіп­ті күш қол­да­ну неме­се оны қол­да­на­мын деп қор­қы­ту 5 балл 22. Қа­ру неме­се қа­ру ре­т­ін­де пай­да­ла­ны­ла­тын заттар­ды қол­да­ну 5 балл 23. Ал­дау неме­се се­нім­ге қи­я­нат жа­сау 5 балл 24. Өзі­нің қыз­мет­тік жағ­дай­ын пай­да­ла­ну 5 балл 25. Ма­те­ри­ал­дық неме­се өзге де тәу­ел­ді­лік­ті пай­да­ла­ну 5 балл 26. Пси­хи­ка­сы­ның бұ­зы­луын неме­се дәр­мен­сiз күй­ін пай­да­ла­ну 5 балл 27. Же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­ды алып қою, жа­сы­ру не жою 5 балл 28. Адам­ға кел­ті­рі­л­ген зи­ян 29. Тән ау­руы­на ұшы­ра­та­тын, бiрақ за­рдап­тар­ға әкеп соқ­па­ған ұрып-со­ғу неме­се өзге де күш қол­да­ну әре­кет­терiн жа­сау 5 балл 30. Ұдайы ұрып-со­ғу неме­се өзге күш қол­да­ну әре­кет­терi жо­лы­мен тән за­рдаб­ын кел­ті­ру неме­се пси­хи­ка­лық за­рдап ше­гу 5 балл 31. Адам­ның өмiрiне қа­уiп­тi емес, ден­са­улық­тың ұзақ уа­қыт­қа бұ­зы­луы­на әкеп соқ­қан ден­са­улық­қа зи­ян кел­тi­ру 5 балл 32. Адам­ның өмiрiне қа­уiп­тi, кө­ру­ден, тiл­ден, есту­ден қан­дай да бол­сын ор­ган­нан ай­ы­ры­лу­ға неме­се ор­ган­ның қыз­метiн жо­ғал­ту­ға неме­се бет-әл­пе­тiнiң қал­пы­на кел­тiр­гiсiз бұ­зы­луы­на әкеп соқ­қан ден­са­улық­қа зи­ян кел­тi­ру, сон­дай-ақ ден­са­улық­тың бұ­зы­луын ту­дыр­ған не түсiк та­ста­у­ға, пси­хи­ка­сын бұзуға, есiрт­кi­мен неме­се уыт­ты умен ауы­ру­ға ду­шар ет­кен ден­са­улық­қа өзге зи­ян кел­тi­ру 5 балл
Басқа 1.3. Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау туралы есеп
Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлеріне 3-қосымша Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау туралы есеп 1. Тегі __________________________ 2. Аты ______________________________ 3. Әкесінің аты (бар болса)__________________________ 4. Күні және уақыты _______________________ 5. Жүргізілген орны (мекеменің атауы және мекенжайы) _____________________________ 6. Мән-жайлар (сәйкестендіру уақытында болған, мысалы ұйымдар қызметкерлерінің болуы, алып жүрушілер) және фактіге қатысты ақпарат____________________________________________________ ___________________________________________________________ 7. Оның сауалнамасы негізінде зардап шегушіге не болғаны туралы ақпарат (болжалды қатыгездікпен қарау әдістерін, болжалды қатыгездікпен қарауды қолдану уақытын және физикалық немесе психологиялық жай-күйіне келіп түскен шағымдарды қоса алғанда)____________________________________________________ _____________________________________________________________ 8. Адамды сәйкестендіруге уәкілеттінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы _______________________________________ Ескертпе: Есеп құпия сипатта болады. Құқық қорғау органдарына жазбаша сұрау болған кезде және зардап шегушінің жазбаша келісімімен ғана беріледі. Сәйкестендіруге уәкілетті адам зардап шегушіні сәйкестендіру кезінде белгілі болған және қызметтік міндеттерін атқару кезінде өзінде болатын барлық мәліметтердің құпиялылығын сақтайды. Сәйкестендіруге уәкілетті адамға мәліметтерді жария етуге және үшінші тарапқа беруге рұқсат етілмейді.