О внесении изменения в постановление акимата от 22 декабря 2014 года № 633 «Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 633 «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы» 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 633 қаулысына (2015 жылғы 28 қаңтарда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5330 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: мемлекеттік тілде 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді: «1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.».
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.