О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 января 2015 года № 26 «О некоторых вопросах абилитации и реабилитации лиц с инвалидностью» и приказ Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 27 декабря 2021 года № 502 «Об утверждении классификатора технических вспомогательных (компенсаторных) средств, специальных средств передвижения и услуг, предоставляемых инвалидам» Күшін жойған
Басқа 0
«Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығына және «Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
».
Тармақ 2
2. «Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығында (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26087 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышысында:
«60» - бөлімнің кодында:
түр коды: «605»:
«605003» коды келесі редакцияда жазылсын:
«
605003
Спина Бифида диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарға арналған бір рет қолданылатын катетер
Спина Бифида (омыртқаның бөлінуі) диагнозы бар мүгедектігі бар адамдармен қуықтың бір реттік босатылуына арналған катетер. Қуықтың қысқа мерзімді катетеризациясы үшін қолданылады. Модельдері ұзындығы мен түтіктің ішкі диаметрімен ерекшеленеді. Адам денесінің температурасын оңай қабылдайтын термопластикалық материалдардан жасалады. Оның тегіс, арнайы өңделген беті бар, ол қосымша майлауды қажет етпейтін жеңіл енгізуді қамтамасыз етеді. Катетердің жабық дөңгелек ұшы ауыртпалықсыз енгізуді қамтамасыз етеді. Катетер коннекторы конустық пішінді; ол кез-келген урогенитаторға сәйкес келеді, түрлі-түсті кодталған.
».
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.