О внесении изменения в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қамысты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6140 тіркелген, 2016 жылғы наурызда № 31 «Қамысты жаңалықтары – Камыстинские новости» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады – күнтізбелік 10 (он) күн.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесінің басшысы ___________________ А. Мақаева 2017 жылғы «29» наурыз