О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6140 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық –құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Тұрғын үй көмегін «Қамысты ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) тоқсанына бір рет көрсетеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша филиалына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11015 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін Стандарттың 4-тармағында көзделген мерзімде ұсынады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қамысты ауданы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ А. Макаева
2018 жылғы «9» қараша