О внесении изменения в решение маслихата от 22 декабря 2015 года № 331 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Камыстинском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 «Қамысты ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Қамысты ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 331 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6140 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында 3 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен айқындалатын тәртіппен тұрғын үй көмегін алуға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін уәкілетті орган есептейді».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.