Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 22 мая 2015 года № А-5/219 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»

Қаулы · № А-5/213 · қабылданған 14.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2015-no-5219/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 22 мая 2015 года № А-5/219 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок» Күшін жойған Қаулы ·№ А-5/213 ·14.05.2018
19.08.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 22 мая 2015 года № А-5/219 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»

Күшін жойған Қаулы ·№ А-5/213 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 22 мая 2015 года № А-5/219 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»
Атауы (қаз.)
«Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/219 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-5/213
Қабылданған күні
14.05.2018
Көрсетілген редакция
19.08.2019 122443_418695.kaz
Соңғы өзгеріс
19.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18B0006648
ЭКБ идентификаторы
122443
Редакция идентификаторы
122443_418695
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:33

0 «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/219 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № А-5/219 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4841 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Архивтік анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

3

«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10127 болып тіркелген) бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа да архив құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік архивтермен толықтыру, сақтау, есепке алу және пайдалану қағидаларының 60-қосымшасына сәйкес нысандағы архивтік анықтама немесе олардың болмауы туралы жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз немесе электрондық түрде.
Порталда электрондық архивтік анықтама не сұратылған мәліметтердің болмауы туралы жауап беріледі.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы