О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 июня 2016 года № 517 «Об утверждении Типового договора на субсидирование ставки вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 22 июня 2016 года № 517 «Об утверждении Типового договора на субсидирование ставки вознаграждения при кредитовании и финансовом лизинге на приобретение вагонов перевозчиками пассажиров по социально значимым сообщениям и операторами вагонов (контейнеров)»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 544
- Қабылданған күні
- 26.07.2023
- Көрсетілген редакция
- 26.07.2023 184545_645634.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300033213
- ЭКБ идентификаторы
- 184545
- Редакция идентификаторы
- 184545_645634
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 17:43
0
«Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13975 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартты бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарты бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шарты»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«
____________ қаласы 20__ жылғы «____» __________
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы),
бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын,
____________________________________________________________________
(лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан ______________________________________________________________
(өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін, және ___________________________________________
(қаржы институтының толық атауы)
бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын, екінші тараптан
____________________________________________________________________
лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан ______________________________________________________________
(өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін, ________________________________________________
(тасымалдаушының, вагондар (контейнерлер) операторының, жолаушылар
қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және локомотивтік
тартқыш операторының атауы)
бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын, үшінші тараптан
____________________________________________________________________
(лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
атынан ______________________________________________________________
(өкілеттігін растайтын құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін, бірге «Тараптар» деп аталатын, вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақының мөлшерлемесін бюджеттік қаржы есебінен субсидиялауға өтінімді қарастыру нәтижесі туралы 20__жылғы «___» ________ хаттамаға сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган Қарыз алушының «Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» № ___ республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген _______% (__________________________) (пайыздың көлемі жазбаша) мөлшерінде Қарыз алушымен вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды (бұдан әрі – субсидиялау) жүзеге асырады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржылық институт осы Шартқа сәйкес субсидиялау шеңберінде Уәкілетті органнан алған ақша қаражаты есебінен 20__жылғы «___» ________ №__ вагондар мен локомотивтерді сатып алуға банк қарызы немесе қаржы лизингінің шарты (бұдан әрі – қарыз/қаржы лизингі шарты) бойынша Қарыз алушының міндеттерін орындау есебінен _______% (_____________) (пайыздың көлемі жазбаша) мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесін өтеуді жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 497 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14002 болып тіркелген) Вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес субсидиялауды жүзеге асырады.»;
5-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қаржы институтымен және Қарыз алушымен жылына бір реттен кем емес, соның ішінде вагондар мен локомотивтер орналасқан орынға шығумен ұсынылған құжаттар негізінде қарыз қаражатын мақсатқа сай пайдалануына мониторинг жүргізуге;
2) Қаржы институтынан және Қарыз алушыдан субсидиялау жүзеге асырылатын қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес жүзеге асыру шеңберінде вагондар мен локомотивтерді сатып алуға қатысты құжаттар мен ақпараттарды (оның ішінде қаржы-шаруашылық қызметтері құжаттары) сұратуға және алуға;»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Уәкілетті органға оның жазбаша сұрау салуы бойынша субсидиялау жүзеге асырылатын қарыз/қаржы лизингі шартына сәйкес жүзеге асыру шеңберінде вагондар мен локомотивтерді сатып алуға қатысты құжаттар мен ақпараттарды (оның ішінде қаржы-шаруашылық қызметтері құжаттары) ұсынуға;»;
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Уәкілетті органнан осы Шарттың талаптарында қарыз/қаржы қаражаты шартының барлық мерзіміне вагондар мен локомотивтерді сатып алуға қарыз/қаржы қаражаты шарты бойынша Қарыз алушының міндеттерін орындау есебіне Қаржы институтына субсидияларды төлеуін талап етуге;»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Республикалық бюджеттен субсидияларды төлеу төлем бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) және вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға арналған үлгілік шартына қосымшаға сәйкес нысанда қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кестесіне сәйкес жүргізіледі.
Қаржыландыру жоспары Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін Уәкілетті органмен Қаржы институты және Қарыз алушының келісімі бойынша 5 жұмыс күні ішінде бекітіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қаржы институтына субсидиялау сомасын аударуды жүзеге асыру үшін Уәкілетті орган Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарлама бойынша вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін ведомості қалыптастырады.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаушылар мен операторлардың вагондарды (контейнерлерді) сатып алуын кредиттеуге және олардың қаржылық лизингіне сыйақының мөлшерлемесін субсидиялаудың үлгілік шартына қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«
Вагондар мен локомотивтерді
сатып алуға кредит беру және
қаржы лизингі кезінде
сыйақы мөлшерлемелерін
субсидиялауға арналған
үлгілік шартына
қосымша
»;
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Нысан
20__ жылғы ________ №__ қарыз/қаржы лизингі шарты бойынша вагондар мен локомотивтерді сатып алуға кредит беру және қаржы лизингі кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау кестесі».