Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2016 года № 99 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 463 · қабылданған 13.01.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/22-2016-no-99-ekb-138934/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2016 года № 99 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 463 ·13.01.2020
28.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2016 года № 99 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 463 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 22 декабря 2016 года № 99 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 99 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
463
Қабылданған күні
13.01.2020
Көрсетілген редакция
28.08.2020 138934_479281.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20NL008912
ЭКБ идентификаторы
138934
Редакция идентификаторы
138934_479281
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 16:25

0 Мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 99 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 99 шешіміне (2017 жылғы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6799 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2- тармақтың 2-1) тармақшасы алынып тасталсын;
3- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.»;
4- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жеңіс күні – 9 мамыр мереке күні болып табылады.»;
7- тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына:»;
мемлекеттік тілде 7-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«10) Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алумен байланысты оқуға ақы төлеу үшін нақты құны бойынша, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге түрлерін алушыларды есептемегенде, алғашқы рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім (бұдан әрі – білім) алатын, Қарабалық ауданының аумағында тұратын барлық санаттағы мүгедектерге, оқуға ақы төлеуге, табыстарын есепке алмай, оқу жылы ішінде екі бөлікпен аударылатын 200 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде көрсетіледі.»;
7-тармақтың 11) тармақшасы алынып тасталсын;
11- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«11. Мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы