О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 декабря 2017 года № 269 «Об утверждении Правил создания провизий (резервов) в соответствии с международными стандартами финансовой отчетности и требованиями законодательства Республики Казахстан о бухгалтерском учете и финансовой отчетности» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және банктер мен мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16502 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 наурызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларында: 2-тараудың 15)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган»; 5 және 6-қосымшалар осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Қасенов А.С.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі (Адамбаева Ә.Р.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2019 жылғы «___» ________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2019 жылғы «___» ________
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы «__» _________ № __ қаулысына № 1 қосымша Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат Есепті кезең: Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде көрсетілген күннен бастап. Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz. Әкімшілік дереккөздер нысанның индексі: Н1-ЕДБ. Кезеңділігі: жоқ. Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті есепке алмағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар. Ұсынылады: Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган. Ұсыну мерзімі: банктің атқарушы органы (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті есепке алмағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтыруларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей. № Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің тармағы, тармақшасы Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге дейінгі редакция Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгеннен кейінгі редакция Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздері және Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздеріне түсініктемелер Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулардың нәтижесінде провизиялар (резервтер) мөлшері өзгеруінің есептік бағалауы, мың теңге 1 2 3 4 5 6 1 2 … n Атауы _____________________________ ___________________________________ Мекен-жайы _____________________________ ________________________________________ Телефон ___________________________________________________________________________ Электрондық пошта мекен-жайы ______________________________________________________ Орындаушы __________________________________ ____________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы, күні Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам ____________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ____________________ қолы
Басқа 1.1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөнінде түсіндірме
Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат нысанына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөнінде түсіндірме «Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат»
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды банк (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – қаржы ұйымы) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанды толтыру кезінде қолданылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан көп сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
Тармақ 5
5. 2-бағанды толтыру кезінде Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін құрылымдық элементі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 3-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесі құрылымдық элементінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенге дейінгі редакциясы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 4-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесі құрылымдық элементінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі редакциясы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 5-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің негіздемесі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 6-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нәтижесінде провизиялар (резервтер) мөлшерінің өзгеруін есептік бағалау деректері көрсетіледі.
Басқа 2. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы «__» _________ № __ қаулысына № 2 қосымша Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына 6-қосымша Нысан Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама 20__ жылғы «__» ___________ № Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган _____________________________________________________________________ (қаржы ұйымның ұйымның мекенжайы) _____________________________________________________________________ (қаржы ұйымның ұйымның атауы) келтірілген кестеге сәйкес Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы туралы ☐ Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болуы туралы хабарлайды ☐ р/с № Құрылымдық элементтің нөмірі Құрылымдық элементтің редакциясы Ескерту Жою мерзімі 1. 2. … Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе басшысының орынбасары __________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) Орындаушы ______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны) Хабарламаны алды _________________________________________________ __________________________________________________________________ (қаржы ұйымы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, күні) Хабарлама қаржы ұйымына жіберілді ________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)