О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атбасар ауданық мәслихатының «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын: «1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»; 8-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
Тармақ 8
«8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі: Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға; Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына; ең төмен зейнетақы мөлшерінде алатын зейнеткерлерге; барлық санаттағы мүгедектерге; жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлеріне; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған жұмысшылар мен қызметшілеріне; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан тұлғаларға; пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға; табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға); әлеуметтік мәні бар (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вирусы) аурулармен ауыратын тұлғаларға; ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысанасы бойынша оқитын студенттерге. Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу, немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы, орташа табыстың бар болуы.»; 10-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: «10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Атбасар ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Атбасар ауданының әкімі А.Ә.Қалжанов «19» қазан 2018 жыл