О внесении изменения в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района» Күшін жойған
Басқа 0
Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Атбасар ауданының әкімі
А.А.Қалжанов
Басқа 0. Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Атбасар аудандық маслихатының
2020 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 6С 46/4 шешіміне
қосымша
Атбасар аудандық маслихатының
2017 жылғы 22 ақпандағы
№ 6С 9/10 шешімімен
бекітілген
Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
Тармақ 1
1. Атбасар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осықағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 - тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
Тармақша 1
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
Тармақша 3
3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Атбасар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 4
4) ең төмен күнкөріс деңгейі – Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
Тармақша 5
5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
Тармақша 6
6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
Тармақша 7
7) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
Тармақша 8
8) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
Тармақша 9
9) уәкілетті орган – «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 10
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
Тармақша 11
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Тармақ 3
3. Осы Қағидалар Атбасар ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Азаматтарға (отбасыларға) әлеуметтік көмекті төлеу банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер арқылы алушының шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндердің тізбелері,сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі:
Тармақша 1
1) Жеңіс күні - 9 мамыр (бір рет);
Тармақша 2
2) Қарттар күні - 1 қазан (бір рет);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні - қазанның екінші жексенбісі (бір рет);
Тармақша 4
4) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні – 15 ақпан (бір рет).
Тармақ 9
9. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Ақмола облысының жергілікті атқарушы органымен бекітетін ережелердің негізінді жүзеге асырады.
Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.
Тарау 2. 2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі
Тармақ 10
10. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін жергілікті атқарушы органы белгілейді және жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен бекітіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
Тармақша 2
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
Тармақша 3
3) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін жергілікті өкілді органдар бекітеді.
Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
Тармақ 11
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Ақмола облысының жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
Тармақ 12
12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Тармақ 13
13. Әлеуметтік көмек келесі санаттағы алушыларға беріледі:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
«Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;
көпбалалы отбасыларға;
көпбалалы аналарға және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);
әлеуметтік мәні бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, туберкулез) бар азаматтарға;
колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, ауылдық елді мекенде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы студенттерге;
медициналық колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, Атбасар ауданында тұратын, аз қамтылған және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының студенттеріне;
адамның иммунитет тапшылығы вирусымен (АИВ) тудыратын ауруы бар балалар.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
Тармақша 1
1) 9 мамыр - Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;
жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
еңбек ардагерлеріне;
«Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа да адамдарға;
Тармақша 2
2) 1 қазан - Қарттар күніне:
ең төмен және төмен зейнетақы мөлшерінен төмен алатын зейнеткерлерге;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Мүгедектер күніне:
бірінші, екінші топтағы мүгедектерге;
Тармақша 4
4) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:
басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 5
5) өмірлік қиын жағдайы туындаған кезде жылына бір рет, отбасыларға (азаматтарға), өтініш бойынша, ол басталғаннан кейін он екі айдан кешіктірмей, отбасының (азаматтың) табысына қарамастан:
табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, өтініш бойынша, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын ескерместен жылына бір рет:
әлеуметтік мәні бар ауруы (қатерлі ісіктер) бар азаматтарға стационар және амбулаториялық жағдайда арнайы емдеуден өтіп жатқандарға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
әлеуметтік мәні бар ауруы (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру) бар азаматтарға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
адамның иммунитет тапшылығы вирусымен (АИВ) тудыратын ауруы бар балаларға, денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасы негізінде, ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;
колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, ауылдық елді мекенде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы студенттерге, оқу орнымен жасалған шарттың көшірмесі негізінде жылдық оқудың жүз пайыздық құны мөлшерінде оқу ақысын төлеуге, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен;
медициналық колледждерде күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы оқитын, Атбасар ауданында тұратын, аз қамтылған және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының студенттеріне, оқу орнымен жасалған шарттың көшірмесі негізінде жылдық оқудың жүз пайыздық құны мөлшерінде оқу ақысын төлеуге, Атбасар ауданында жұмыспен өтеуді ескере отырып, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде ай сайын:
Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерді және телефон байланысы қызметтерін абоненттік төлемін төлеуге, ұсынылған түбіртектерге сәйкес алушылардың шоттарына аудару жолымен облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жүз пайыз мөлшерінде шығындар төленеді.
Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының ардагері пайдаланған уақытқа дейін жеңілдіктер қолданылатын, олармен бірге тұратын және тіркелген отбасы мүшелеріне (азаматқа) де көрсетіледі;
әлеуметтік мәні бар ауруы (туберкулез) бар, амбулаториялық емделуде жүрген азаматтарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 8
8) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде отбасыларға (азаматтарға) уәкілетті ұйымның тізімдері негізінде өтініш бере отырып, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін жерлеуге бір рет;
Тармақша 9
9) табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің аспайтын көп балалы отбасыларға өмірлік қиын жағдай туындаған кезде өтініш бойынша жылына бір рет, он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 10
10) тоқсан сайын, өтініш бойынша, көп балалы аналарға және олардың 15 жасқа дейінгі балаларына - қалалық жолаушылар көлігінің маршруттарында жол жүру билеттері.
Тарау 3. 3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
Тармақ 15
15. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.
Тармақ 17
17. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Атбасар ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
4-тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
Тармақ 18
18. Әлеуметтік көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:
Тармақша 1
1) алушы қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 2
2) алушы Атбасар ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 3
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу;
Тармақша 4
4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 19
19. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады
Тарау 5. 5-тарау Қорытынды ереже
5-тарау Қорытынды ереже
Тармақ 20
20. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.