О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Атбасарского районного маслихата от 22 февраля 2017 года № 6С 9/10 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Атбасарского района»
- Атауы (қаз.)
- Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8С 2/2
- Қабылданған күні
- 20.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2023 180934_667259.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23BE855503
- ЭКБ идентификаторы
- 180934
- Редакция идентификаторы
- 180934_667259
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:44
0 Атбасар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының «Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 22 ақпандағы № 6С 9/10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5835 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Атбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
2 «2) 25 қазан - Республика күні:
1, 2, 3 топтардағы мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға, бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ең төменгі және ең төменгі мөлшерінен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, бір рет 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
6 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
3 «3) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:
саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға, бір рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, бір рет 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде және бір рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде, санаторлық-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеу.»;
7 тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда, табиғи зілзала немесе өрт туындаған жердегі табиғи зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».