О внесении изменения в решение Сырдарьинского районного маслихата от 22 декабря 2017 года №163 «Об определении порядка и размера оказания жилищной помощи» Күшін жойған
Басқа 0
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсаныңдағы №163 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсанындағы №163 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6131 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылы 24 қантарында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Сырдария аудандық мәслихатының
2020 жылғы 18 наурызы
№ 399 шешіміне қосымша
Сырдария аудандық мәслихатының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№163 шешіміне қосымша
Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері (бұдан әрі-Тәртіп) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебiнен Сырдария ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) ұсынылады:
Тармақша 1
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
Тармақша 2
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй көмегі «Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) және «электронды үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4-1
4-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Тармақ 4-2
4-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Бөлімнен құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 5
5. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Бөлімге және/немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Тармақша 2
2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
Тармақша 3
3) жылжымайтын мүлiктiң болуы (болмауы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 4
4) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 5
5) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
Тармақша 6
6) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) банктік шоты;
Тармақша 8
8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
Тармақша 9
9) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 10
10) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 11
11) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Тармақ 5-1
5-1. Бөлім арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 5-2
5-2. Осы Тәртіптің 5-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Бөлім қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 5-3
5-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 5-4
5-4. Бөлім өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 5-5
5-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал не Бөлім арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 5-6
5-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Бөлім немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.".
Тармақ 6
6. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері
Тармақ 7
7. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 12 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 8
8. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
Тармақша 1
1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
1 адамға – 70 киловатт;
2 адамға – 140 киловатт;
3 және одан да көп адамға –210 киловатт;
Тармақша 2
2) газ пайдалану нормалары 1 айға:
4 адамға дейін – 10 килограмм;
4 және одан да көп адамға –20 килограмм;
Тармақша 3
3) отын пайдалану (көмір) от жағу маусымына:
3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
3 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
Тармақша 4
4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метр;
жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
Тармақша 5
5) жылумен жабдықтау ай сайын:
1 адамға – 18 шаршы метр;
жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
Тармақша 6
6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 7
7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
Тармақша 8
8) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде;
Тармақша 9
9) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
Тарау 3. 3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың есепшоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.