О внесении изменения в постановление акимата Кармакшинского района от 22 ноября 2017 года №5067 «Об утверждении схемы пастбищеоборотов по Кармакшинскому району на основании геоботанического обследования пастбищ» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негiзiнде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекiту туралы» Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 22 қарашадағы №607 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негiзiнде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасын бекiту туралы» Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 22 қарашадағы №607 қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 6060 нөмірімен тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 3
Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы «16» сәуірдегі № 934 қаулысына қосымша Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы «22» қарашадағы № 607 қаулысына қосымша Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп- қарау негізінде Қармақшы ауданы бойынша жайылым айналымдарының схемасы