О внесении изменении в решение Уланского районного маслихата от 22 мая 2018 года № 201 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества на территории населенных пунктов Уланского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 «Ұлан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 201 «Ұлан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-17-181 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешімнің атауы жаңа редакцияда жазылсын: «Ұлан ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы»; аталған шешімнің қосымшасының атауы жаңа редакцияда жазылсын: «Ұлан ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.