О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июня 2018 года № 25/7-VI «Об утверждении регламента собрания местного сообщества по Абайскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Абай аудандық мәслихатының
2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/7-VІ «Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 25/7-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-5-153 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
3-1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.
Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:
1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;
2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі;
3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі;
4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі.»
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.