О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 22 ноября 2018 года № 752 «Об утверждении цен на товары (работы, услуги) военных учебных заведений Министерства обороны Республики Казахстан, предоставляемые на платной основе» Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 752 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17771 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларда: 7-тараудағы кестеде «Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы» деген бағанда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді. 8-тарау мынадай редакцияда жазылсын: «8-тарау. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің Canon 6011 цифрлық аппаратында басып шығару қызметтері Р/с № Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы Өлшем бірлігі Өлшем бірлігінің бағасы (теңгемен) 123. А4 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (5-тен 20 параққа дейін) бет 90 124. А4 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (21-ден 50 параққа дейін) бет 70 125. А4 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (51-ден 300 параққа дейін) бет 60 126. А4 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (301 парақтан) бет 50 127. А4 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (5-тен 20 параққа дейін) бет 180 128. А4 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (21-ден 50 параққа дейін) бет 140 129. А4 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (51-ден 300 параққа дейін) бет 120 130. А4 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (301 парақтан) бет 100 131. А3 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (5-тен 20 параққа дейін) бет 180 132. А3 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (21-ден 50 параққа дейін) бет 140 133. А3 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (51-ден 300 параққа дейін) бет 120 134. А3 форматының бір жағынан түрлі-түсті басып шығару (301 парақтан) бет 100 135. А3 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (5-тен 20 параққа дейін) бет 350 136. А3 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (21-ден 50 параққа дейін) бет 260 137. А3 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (51-ден 300 параққа дейін) бет 240 138. А3 форматының екі жағынан түрлі-түсті басып шығару (301 парақтан) бет 200 »; Ескертпеде 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. 7, 8 және 9-тарауларда көрсетілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) А4 және А3 форматындағы м2-ге тығыздығы 80 грамм стандартты парақтарда әзірленеді және орындалады.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2021 жылғы «___»_______ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2021 жылғы «___»_______