О внесении изменений в решение акима района от 22 мая 2019 года № 23 «Об образовании избирательных участков на территории Исатайского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Исатай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» аудан әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33, 37 баптарына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Исатай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Исатай ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» аудан әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы № 23 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісе отырып келесідей өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
Тармақша 1
1) №132 сайлау учаскесіндегі «24» сандары «85» сандарына ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) №135 сайлау учаскесінің мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын: Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылдық округі, Жанбай ауылы, көшесі Тайыр Нысанов, ғимарат 75, «Жанбай ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; Телефон: 8/71231/25-5-04 Шекаралары: Егемен Қазақстан, Т.Нысанов, М.Нұрмұханов, М.Есқалиев, Х.Нәубетов, Мектеп, Амангелді, Қазақ ауыл, Қызылбас, З.Құрасұлы, А.Аюпов, Жұмалиев, Нарын, С.Сейфуллин, Б.Момышұлы, Жаңаталап, Исатай, Мыңтөбе, Қызтуған көшелеріндегі үйлер.
Тармақша 3
3) №140 сайлау учаскесінің мәтіні жаңа редакцияда мазмұндалсын: Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылдық округі, Өркен ауылы, Жалтыр көшесі, ғимарат 82, «Жалпы білім беретін Өркен орта мектебі» мемлекеттік мекемесі; Телефон 8/71231/29-1-00 Шекаралары: Өркен, Қаратүбек елді мекендері: Жалтыр, Қазына, Болашақ, Бірлік, Ә.Ерекенов, Қаратүбек, Достық, Ш.Хұсынов, Қ.Меңдіғалиев, 1-көше, 2-көше, 3-көше, 4-көшелеріндегі үйлер.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына (Р.Муканов) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.