О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 219 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Прием документов и зачисление в организации дополнительного образования для детей по предоставлению им дополнительного образования» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
Басқа 8. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 29 шілдедегі № 211-НҚ бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығына қосымша «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қосымша білім беру ұйымдары мен жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште не жергілікті атқарушы органдардың цифрлық жүйелері арқылы және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін қөрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды жүзеге асырады, құжаттардың толықтығын тексереді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда қолхат ресімдейді. Мемлекеттік корпорация қызметкері ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) және баланың жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, сондай-ақ Негізгі талаптар тізбесінің 10-тармағында көзделген негіздер бойынша өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттар топтамасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
Тармақ 5
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушылардың қабылданған өтініштерін берілген күні мен уақыты бойынша хронологиялық тәртіппен тіркейді.
Тармақ 6
6. Балаларды қосымша білім беру ұйымдарына балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда қосымша білім беру үшін қабылдау өтінішті тіркеу тәртібімен жүзеге асырылады. Балалар музыка, балалар көркемөнер мектептеріне, балалар өнер мектептеріне және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады. Әңгімелесу барысында педагог балалардың өнердің әртүрлі (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театрлық) саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтайды.
Тармақ 7
7. Бос орындар болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушілерді хабардар ету бойынша күнтізбелік жыл ішінде қосымша қабылдау осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері өтініш қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен, пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті беруші тарапынан Мемлекеттік корпорацияға жеткізіледі.
Тармақ 8
8. Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен проактивті форматта балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қабылданады. Қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, көрсетілетін қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркеген кезде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілуі мүмкін және оған:
Тармақша 1
1) қосымша білім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салумен көрсетілетін қызметті алушыға автоматты хабарламалар жіберу;
Тармақша 2
2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді. Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.
Тармақ 9
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 10
10. Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты «цифрлық үкіметтің» операторына, көрсетілетін қызметті берушілерге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 11
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді. Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі. Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Басқа 1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) 2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы (бар болса) Жоқ 3 Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жүзінде немесе орталық мемлекеттік органдар және Мемлекеттік корпорация айқындаған цифрлық объектілері арқылы жүзеге асырылады 4 Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 30 (отыз) минут; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты- 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. Балаларға арналған музыкалық, балалар көркемсурет мектептерін, балалар өнер мектептерін және көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, оларға қосымша білім беру жөніндегі қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау бос орындар болған кезде жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – 1 (бір) жұмыс күні, бұл ретте құжаттарды қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді; 2) мемлекеттік корпорацияда құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-15 минут. Балалардың музыкалық, балалар көркемсурет мектептеріне және балалар өнер мектептеріне, көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу қорытындысы бойынша жүргізіледі. 5 Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны Электрондық (ішінара цифрландырылған)/қағаз түріндегі 6 Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру 7 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Ақылы/Тегін Балаларға қосымша білім бергені үшін ақы төлеу оларды ақылы негізде қосымша білім беретін ұйымдарға қабылдау фактісі бойынша жүргізіледі. 8 Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің: көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін; 2) Мемлекеттік корпорация: дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету бөлімдерінің кезекшілері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа; Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы «брондауға» болады; Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған. 9 Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: 1) ата-аналардың бірінің (немесе өзге де заңды өкілдердің) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің және баланың жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаттар (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы бұйрығымен бекітілген № 027/е нысан бойынша Медициналық анықтама № ҚР ДСМ-175/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); Ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) біреуінің, баланың жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады. 10 Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін негіздер 1) мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімінің болмауы. 11 Мемлекеттік қызмет және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері арқылы және оның ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 1414, 8 800 080 7777 алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 2. Өтініш
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан _______________________ Қосымша білім беру ұйымы атауы басшысына _______________________ ТАӘ (ол болған жағдайда) толық Өтініш Менің ұлымды/қызымды (ТАӘ (ол болған жағдайда) ЖСН) мекен-жайы бойынша тұратын __________________________________________________ (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы) оқу үшін ___________________________________ қабылдауыңызды сұраймын. (қосымша білім беру ұйымының толық атауы) Баланың келесі санатқа жататынын хабарлаймын (мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қағаз түрінде көрсету қажет): 1) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 2) даму мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектігі бар балалар, мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар; 3) көп балалы отбасылардың балалары; 4) арнаулы әлеуметтік көрсетілген қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы және қолдау орталықтарындағы балалар; 5) ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар; 6) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар; 7) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар; 8) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері; 9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар; 10) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар; 11) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар; 12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар; 13) жоғарыда аталған санаттардың ешқайсысына жатпайды. Өтінішімнің өзгеруі туралы маған келесі тәсілдермен хабарлаңыз: 1) хабарламалар келесі ұялы телефон нөмірлеріне (екі нөмірден аспайды) ___________ және (немесе) электрондық пошта мекенжайына ____________ жіберіледі. «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. _______________________ (өтініш берушінің қолы) 20__ жылғы «___» «_________». Өтінішті беру күні 20__ жылғы «___» «__________». Қабылдады: __________________________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы)
Басқа 3. Қолхат
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан Қолхат Ұйымның (Мемлекеттік корпорацияның, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының, орта білім беру ұйымының) көрсетілетін қызмет алушыдан құжаттарды алуы туралы _________________________________________________________________ (ұйымның толық атауы) _________________________________________________________________ (елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы) №___________________ құжаттарды қабылдау туралы қолхат келесі құжаттар ___________________________________________алынған: (көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ (ол болған жағдайда) 1. өтініш 2. басқа __________________________________________________________ _________________________________________________________________ Өтінішті қабылдау күні _____________________________________________ _________________________________________________________________ ТАӘ (ол болған жағдайда) (құжатты қабылдаған жауапты) ________________ (қолы) Телефон ___________________________________ Алдым: ТАӘ (ол болған жағдайда)/көрсетілетін қызметті алушының қолы «___» _________ 20__ жыл
Басқа 4. Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларына 4-қосымша Нысан Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекеттік корпорация (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмағанына және (немесе) ұсынылған құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткеніне байланысты «Балаларға қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда: Ұсынылмаған құжаттардың және қолданылу мерзімі өткен құжаттардың атауы: 1) _____________________________________________; 2) _____________________________________________; Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 (екі) данада жасалды. _________________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы) ___________________________________________________________ (Көрсетілетін қызметті берушінің ТАӘ (ол болған жағдайда) (қолы) Алды: ______________________________________________________ (ТАӘ (ол болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушының қолы) «___» _________ 20__ жыл.