О внесении изменения в решение Уланского районного маслихата от 22 апреля 2020 года № 365 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Уланскому району» Күшін жойған
Басқа 0
Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365
«Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының
мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Ұлан аудандық мәслихатының «Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7037 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін.
2 –тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
« 2) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары:
мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңкы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
толық емес отбасылар.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.