О внесении изменений в решение Уланского районного маслихата от 22 апреля 2020 года № 365 «Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по Уланскому району» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұлан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 «Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ: Ұлан аудандық мәслихатының «Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 365 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7037 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін. 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Ұлан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі айқындалсын: Ұлы Отан соғысының ардагерлері; жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер; бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; қандастар; экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар; мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары; толық емес отбасылар; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар.»; 2-тармақ «2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.» жаңа редакцияда жазылсын: «3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.