О внесении дополнений в решение Бурлинского районного маслихата от 22 декабря 2020 года №57-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Бурлинского района» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 «Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6577 тіркелген, 2020 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Бөрлі ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында: 8 – тармақ: келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын: «9) гемодиализ аппаратын пайдаланатын бірінші топ мүгедектеріне табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде;»; келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) жеке меншік тұрғын үйлерде тұратын меншік нысанына қарамастан атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, жалғыз тұратын мүгедектерге, газ анализатор сатып алуға табыстарын есепке алмай 5 АЕК мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Б.Б.Мукашева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.