О внесении изменений в решение Павлодарского областного маслихата от 22 апреля 2021 года № 21/3 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Павлодарской области при амбулаторном лечении» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» № 21/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» № 21/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7274 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің қосымша кепілдік берілген қосымша көлемі, оның ішінде дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер, медициналық бұйымдар»; көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының бірінші жолы жаңа редакцияда жазылсын: № № Аурудың атауы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің, оның ішінде дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 11 тармағы келесі редакцияда жазылсын: 111 GIII бас миының самайлық үлесінің анаплазиялық олигодендроглиомасы «Ломустин»; «Прокарбазин» (Натулан); Радиоактивті метионин қолданумен позитрондық-эмиссиялық томограф аппаратында қарап-тексеру
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.