О внесении дополнений в решение Павлодарского областного маслихата от 22 апреля 2021 года № 21/3 «О дополнительном предоставлении гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, в том числе лекарственных средств, специализированных лечебных продуктов, медицинских изделий, отдельным категориям граждан Павлодарской области при амбулаторном лечении» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 21/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7274 болып тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 - қосымшасындағы «Павлодар облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде облыстық бюджет қаражаты есебінен қосымша ұсынылатын дәрілік заттар» бөлімі келесі мазмұндағы жолдарымен толықтырылсын: «56. «Анакинра», Ювенильдік идиопатиялық артрит ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді; 57. «Даратумумаб», Көптеген миелома ауруы бар азаматтарға тері астына енгізуге арналған ерітінді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.